31 тамыздан бастап елордада жаңа екі маршрут желіге шығады

423

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі мәлім етті.

31 тамыздан бастап елордада жаңа екі маршрут желіге шығады Фото: inbusiness.kz

Елорда тұрғындарына қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Астана қаласында маршруттар саны артады. 31 тамыздан бастап желіге екі жаңа бағдар шығады - №49 және №57, деп хабарлайды 

№ 49 бағдар Мамандандырылған ХҚО-ны Бас мешітпен байланыстырады. Бұл "Көктал-1" – "Көктал-2" ТА және "Көктал" паркі "Жағалау" ТА-мен көлік байланысын жүзеге асырып, Ш. Айтматов, Сығанақ және Бас мешіт көшелеріне көліктік қызмет көрсетуді жақсартады.

№ 57 бағдар "Нұрлы жол" теміржол вокзалы мен Қазыбек би көшесін біріктіреді. Бұл бағытты іске қосу Төле би көшесінде жолаушылар тасымалдауға, Сығанақ, Сарайшық және А.Байтұрсынұлы көшелерінде көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Осылайша, №40 бағдардың жүктемесі төмендетіледі. Сондай-ақ, Р.Қошқарбаев даңғылында автобустарды іске қосу мүмкіндігі пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу