31 тамызға дейін америкалықтар Ауғанстаннан эвакуацияланады

717

Нақты қанша америкалық екені жарияланбады.

31 тамызға дейін америкалықтар Ауғанстаннан эвакуацияланады

Америкалық президент Джо Байден АҚШ-тың әскери күштері Америка Құрама Штаттарының азаматтарын Ауғанстаннан эвакуациялауды шамамен 31 тамызға дейін аяқтайтынынан үмітті, деп хабарлайды Inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Президент Ауғанстаннан кеткісі келетін әрбір америкалықтың Ауғанстаннан көшірілуін қалайды. Ол операцияны 31 тамызға дейін аяқтаймыз деп үміттеніп отыр", – деп жазылған Ақ үй жариялаған құжатта. 

Бірақ нақты қанша америкалықтың қазір Ауғанстанда екені жарияланбады. 
18 тамызда Байден егер 31 тамызға дейін АҚШ азаматтары эвакуацияланбаса, америкалық әскерилер осы елде қала беретінін жариялаған еді. Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби әскери күштерді Ауғанстаннан шығару мерзімін өзгерту туралы шешім қабылданбағанын айтты. Оның сөзінше, ол үшін Талибан өкілдерімен қосымша келіссөздер жүргізу қажет болады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу