"31-телеарнаның" басшысы ауысты

635

"31-телеарнаның" бас директоры қызметіне Жұмағали Құрманбек тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"31-телеарнаның" басшысы ауысты

Осыған дейін ол Астана" телеарнасының бас директоры қызметін атқарған.

"31-арнаға Құрманбек Жұмағали бастаған топ-менеджерлердің жаңа тобы келеді. Бұл шешім телеарнаның дамуына, арна өндіретін контенттің саны мен сапасының артуына жаңа серпін беретініне сенімдімін", - деді "Верный Капитал" компаниялар тобының бас директоры және "31-арна" бақылау кеңесінің мүшесі Ерлан Оспанов.

Айта кетейік, Құрманбек Жұмағали 1985 жылы 27 тамызда дүниеге келген.

2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "Журналистика" мамандығы бойынша бітірді.

Ол кәсіби мансабын "Қазақстан РТРК" АҚ телеарнасында редактор ретінде бастап, "Хабар Агенттігі" АҚ-да редактор-жүргізуші, корреспондент болған.

 2013-2018 жылдары мемлекеттік қызметте жұмыс істеген: Қарағанды облысы әкімдігінде баспасөз қызметі, Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2018-2019 жылдары "Қазақ Радиосы" ЖШС-ны басқарды, "Қазақстан РТРК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу