31 желтоқсан неге демалыс күні емес? Депутат пікір білдірді

196

Депутат бұл мәселе Парламенттің емес, Үкіметтің құзыретіндегі шаруа екенін еске салды.

31 желтоқсан неге демалыс күні емес? Депутат пікір білдірді Фото: kh.vgorode.ua

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына берген жауабында жаңа жыл мерекесінің демалыс күнін 31 желтоқсанға ауыстырудың қаншалықты орынды екені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

— Шынымды айтсам, осы сұрақ мені де мазалайтын. 31 желтоқсан неге демалыс күні емес? 31 желтоқсанда көңіл-күйіміз мүлде басқаша болады. Есімде, оқушы кезімізде де, кейін де осы сұрақты қоятынбыз. Ондай шешім қабылданса, ешкімге жаман болмас еді деп ойлаймын. Шешім қабылданса, толық қолдайтын едім, — деді Асхат Аймағамбетов.

Депутат демалысты ауыстыру туралы шешім сондай қиын емес екенін еске салды.

— Әрбір уәкілетті органның өз құзыреті бар. Бұл мәселе үкіметтің құзырында. Қосымша демалысты ауыстыру туралы шешім қабылданса, онда тұрған не бар, — деді Мәжіліс депутаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу