Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 523 – 532 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Kurs.kz мәліметінше Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 528,37 теңгеден, ал Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 532 теңгеден сатылып жатыр.
Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір еуро 548,43 теңгеден, ал Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 553 теңгеден сатылып жатыр.
Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір рубль 5,07 теңгеден, ал Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 5, 10 теңгеден сатылып жатыр.
Ұлттық банктің 31 желтоқсанға бекіткен ресми бағамы: 1 доллар – 523,54 теңге, 1 еуро – 546,47 теңге, 1 рубль – 4,99 теңге.