32 көпбейінді аудандық аурухананы жарақтандыруға 33,6 млрд теңге жұмсалады

312

Ұлттық жоба аясында 498 нысанды салуға 99,6 млрд теңге қажет. 

32 көпбейінді аудандық аурухананы жарақтандыруға 33,6 млрд теңге жұмсалады Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының бірінші міндетінің шеңберінде барлығы 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланған. Оның ішінде 2023 жылы 92 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанының құрылысы аяқталды, 7 жоба мерзімдері бұзылып, аяқталады. 2024 жылы 556 нысанды пайдалануға беру қажет. Бүгінгі таңда 239 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, 317 жоба сараптамадан өтуде", - деді Ақмарал Әлназарова.

Айтуынша, 2024 жылға арналған қосымша қаржыландыру қажеттілігі – 498 нысанды салуға 99,6 млрд теңге.

"Биыл нысандардың құрылысын аяқтаудың жоспарланған мерзімдеріне келсек, 7 нысан – биылғы маусым (2023 жылғы нысандар), 210 нысан – қазан, 226 нысан – қараша, осы жылдың желтоқсанында 120 нысан беріледі деп күтілуде. Ұлттық жобаның екінші міндетінің шеңберінде 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы материалдық-техникалық жарақтандыруға 33,6 млрд теңге мөлшерінде шығыстар көзделген", - деп жалғастырды министр.

Ведомство басшысының дерегінше, өткен жылы жалпы сомасы 10,5 млрд теңгеге 1800 бірлік медициналық техника сатып алынған. 

"2024-2025 жылдары 23,1 млрд теңгеге 9 ангиограф, 17 МРТ, 6 КТ сатып алу жоспарланып отыр. Болжамды тиімділік тұрғысынан медициналық техникамен жарақтандыру жоспарына ревизия жүргізілуде, осыған байланысты бұл сандар түзетілетін болады", - деп атап өтті ДСМ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу