32 мың қазақстандық Ресей азаматтығын алған

607

32 мың қазақстандық Ресей азаматтығын алған

Сарапшылар соңғы жылдары елден кеткендердің көбейгеніне алаңдаулы, деп хабарлайды 7kun.kz.

Саясаттанушы Болат Сұлтанов Қазақстаннан кетіп жатқандардың саны жыл сайын артып келе жатқанын айтты. Өз сөзін дәлелдеу үшін ол статистика комитетінің ресми деректеріне тоқталып өтті. Былтыр, яғни 2016 жылы Қазақстаннан кеткендердің саны 32930 адам болған, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 16,4 пайызға көп.

Көпшлігі Ресейге кетіп жатыр. Оған Ресейдегі отандастарға арналған көші-қон бағдарламасы әсер етті. 2015 жылы  32 мың қазақстандық Ресей азаматтығын алса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 38 мыңды кұраған. Қазір Ресейге келуші мигранттардың 11 пайызы қазақстандықтар болып есептеледі.

Болат Сұлтанов "білім миграциясын" ерекше атап көрсетті. Оның сөзіне сенсек, 70 мың қазақстандық Ресей университеттері мен олардың еліміздегі бөлімшелерінде білім алып жатыр. Себебі ондағы білім сапасы жақсы, әрі оқу ақысы біздің ЖОО-мен салыстырғанда төмен. Сонымен бірге, оқу бітірген соң Ресейде жұмыс істеуге мүмкіндік туады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу