32 жастағы мақтаралдық келіншек үшемді дүниеге әкелді

6068

Түркістан облысында үшем дүниеге келді.

32 жастағы мақтаралдық келіншек үшемді дүниеге әкелді Фото: Жетісай ауданы әкімдігі

Жетісай аудандық орталық ауруханасында үшем дүниеге келді. Бұған дейін 3 қыз, 1 ұлды тәрбиелеп отырған Мақтарал ауданының тұрғыны Нафиса Хамзаева бірден 3 қызды өмірге алып келді.

32 жастағы келіншек ішіндегі нәрестелерінің егіз екенін естігенде жолдасы екеуі қатты қуанғандарын айтады. Әйтсе де, соңғы айларда Жетісай аудандық ауруханасының дәрігері Рахима Жұмабекқызы іштегі сәбилердің егіз емес, үшем екенін анықтап, жүкті келіншектің күтімі мен бақылауын күшейткен.

"Менің толғақ қысып, перзентханаға кеткенімді жолдасым да, ата-енем де білмейді. Жолдасым әскери қызметкер болғандықтан бөлек тұрамыз. Жағдайымды айтып, ешкімді уайымдатқым келмеді. Енді міне, жанашыр дәрігерлеріміздің біліктілігінің арқасында перзенттерімді бауырыма басып отырмын. Айтар алғысым шексіз",- дейді жас ана.

Қазірде үшемдер мен анасының жағдайы жақсы, дәрігерлердің жіті бақылауында.

Жалпы Жетісай аудандық ауруханасы дәргерлерінің мәліметінше, ауданда егіз туылған сәбилер қатары көп болғанымен, үшемдердің дүниеге келуі сирек кездеседі. Биылғы жылдың басынан бері орталық ауруханада 3 мыңнан астам сәби жарық дүние есігін ашқан болса, соның 33-і егіздер болған. Ал, үшемдердің дүниеге келуі соңғы 10 жылда алғаш рет тіркеліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу