ШҚО Ұлан ауданында құс шаруашылығы кәсіпорнынан тауық еті ұрланды. Шаруашылық күзетшісі "102" жедел арнасына қоңырау шалып, ет қолды болғанын хабарлапты.
"Тергеу барысында анықталғандай, 16.02.20 ж. қараған түні белгісіз тұлғалар еркін кіріп құс фабрикасы аумағынан салмағы 320 келі тауық етін жасырын ұрлап, жалпы сомасы 255 000 теңгеден астам қаржыны жымқырып кеткен",– делінген ІІМ ақпараттық сайтындағы хабарламада.
Жедел-іздестіру шараларына кіріскен құқық қорғау қызметкерлері 22 және 26 жастағы Ұлан ауданының тұрғындарын ұстаған.
"Кінәсін мойындады. Оқиға орнынан 9 қап тауық еті тәркіленді. Ұлан ауданы ПБ басшысы Нүркен Көпжасаров атап өткендей: қазіргі уақытта осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-баптың 2-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды",– делінген хабарламада.