325 босқын Қазақстаннан пана тапты

339

Бұл адамдар Қазақстан Республикасына бес елден келген. 

325 босқын Қазақстаннан пана тапты Фото: inbusiness.kz

Қазақстан Республикасының аумағында баспана алған Ауғанстан, Украина, Өзбекстан, Сирия және ҚХР-дан келген 325 шетелдіктің барлығы Қазақстанның босқындарға қатысты халықаралық қоғамдастық алдындағы міндеттемелеріне сәйкес мемлекет тарапынан қорғаумен және қолдаумен қамтамасыз етілген. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, 1998 жылы 15 желтоқсанда Қазақстан БҰҰ-ның 1951 жылғы "Босқындар мәртебесі туралы" конвенциясына (бұдан әрі – Конвенция) ресми түрде қосылып, өзіне белгілі бір міндеттемелер алды.

Босқындармен жұмыс жасау бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде конвенция ережелерімен ұлттық заңнаманы іске асыру жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді. Оның құрамына мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдері және халықаралық қоғамдастықтың сарапшылары, соның ішінде, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары департаменті кіреді.

Сонымен қатар, жұмыс тобы босқындарға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктермен тең дәрежеде медициналық көмекке, білім алуға және әлеуметтік көмекке қолжетімділік беру жөнінде ұсыныстар дайындады. Бұл ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдардың қарауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу