33 млрд теңгеге жуық қаржылық заңсыздықтар анықталды

565

33 млрд теңгеге жуық қаржылық заңсыздықтар анықталды

Бәйтерек холдингіне аудиторлық тексеріс жүргізген Есеп комитеті 33 млрд теңгеге жуық қаржылық заңсыздықтарды анықтады. Бұдан бөлек, холдинг бюджет тарапынан бөлінген 114 млрд теңгені орынсыз жұмсаған. Бұл туралы Есеп комитетінің мүшесі Халида Қамбарова мәлімдеді. Оның айтуынша, холдингтегі ұжымдық басқарудың осалдығынан, мемлекеттік активтер мен бөлінген бюджет қаражаттын басқару деңгейі түсіп кеткен. Сондай-ақ,есеп комитеті холдингтің компания активтерін жандандыруға қатысты қабылдап отырған шешімдері тиімсіз деп есептейді. Бұл жұмыс істемейтін займдар көлемін артырып жіберуі мүмкін. Себебі, құны 29 млрд теңгені құрайтын 27 проблемалы нысандардың заңды тұлғалары қазіргі уақытта жойылып кеткен не болмаса банкротқа түсудің алдында тұр дейді. Оның үстіне, лицензиясынан айырылған Қазинвестбанктің депозиттерінде холдингтің жалпы соммасы 26 млрд теңгені құрайтын қаржысы қалған. Оның 16 млрд-дын холдинг Ұлттық қордан алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу