33 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

995

Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 331 миллион теңгеден асты.

33 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

Павлодар облысында 2020 жылы "Redspeed", "Оракул" стационарлық жылдамдық өлшегіштерімен және  "Интегра",  "Автоураган" зияткерлік жүйелерімен 33 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 331 миллион теңгеден асты. Шетелдік нөмірлері бар көлік құралдарының жүргізушілері 3387 құқық бұзушылыққа жол берген. Бұл ретте, көп жағдайда жол қозғалысы ережелерін Ресей Федерациясынан әкелінген автомашиналардың жүргізушілері бұзған, олардың саны – 3316, Армения Республикасынан әкелінген автокөліктердің жүргізушілері 69 құқық бұзушылыққа жол берген. Оларға шамамен 37 миллион теңге айыппұл салынды", – деп хабарлады

Павлодар облысының Полиция департаменті. Тәртіп сақшылары 28256 жүргізушінің белгіленген жылдамдық режимін асырғанын атап өтті. 2848 тұрғынның жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен белгіленген талаптарды сақтамау фактілері тіркелген. Бағдаршамның қызыл сигналына өткен құқық бұзушылар саны – 1302. Тәртіп сақшылары автомобиль қозғалысының маңызды параметрі жылдамдық екенін, оны дұрыс таңдай алмау жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыратынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу