Сүйінші жаңалықты журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Рахат Сәрсеновтің отбасына жергілікті кәсіпкер Ақтөбе қаласынан баспана сыйлады. "Жұмысымнан көрмеген жақсылықты халықтан көрдім", – деп, Рахат ата көз жасына ерік берді. Қиын сәтте қолдау көрсеткен кәсіпкерге және барша қазақ еліне Алла разы болсын! Ал іске келер болсақ, заңгерлік жұмыстар басталып кетті. Қажетті арыздар дайындалып, құқықтық тұрғыда күрес жалғасуда", – деп жазды журналист.
Белгілі болғандай, қиын жағдайға тап болған ер адамның үйі кепілде тұрған.
Айта кету керек, бұған дейін жылқышы Рахат Сәрсеновтің рақымшылыққа ілігіп, сот залынан босап шыққаны хабарланған болатын.