33 жыл бұрын болған қылмыс: Кісі өлтіру ісінің жалған ашылу дерегі анықталды

527

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

33 жыл бұрын болған қылмыс: Кісі өлтіру ісінің жалған ашылу дерегі анықталды Фото: baq.kz

Қостанай облысында полицейлер қылмыстың ашылу көрсеткіштерін жасанды түрде арттыру мақсатында қылмыстық заңнаманың негізгі қағидаттарын бұзуға жол берген, деп жазады inbusiness.kz.

33 жыл бұрын Қостанай облысының Федоров ауданында әйел адамды өлтіру дерегі болды. Қылмысты "ізін суытпай" ашу мүмкін болмағандықтан, қылмыстық іс архивке "өткізілген".

"Былтыр аудан полициясы кісі өлтірушіні анықтау және тергеуді аяқтау туралы "баяндаған". Сәйкесінше өз еркімен кінәсін мойындаған Ж. есімді азамат кінәлі деп танылған. Кісі өлтіру ісі күдіктінің қайтыс болуына байланысты тоқтатылған. Прокуратура Ж.-ның кінәлі болып танылғаннан 5 жыл бұрын қайтыс болғанын анықтады. Яғни, күдікті өз кінәсін мойындау туралы жазбаған, қылмыс жасаудағы кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденбеген", - делінген хабарламада.

Полицейлер қылмыстың ашылу көрсеткіштерін жасанды түрде арттыру мақсатында қылмыстық заңнаманың негізгі қағидаттарын бұзды.

"Ж. есімді азаматты кінәлі деп тану туралы барлық процестік шешімдердің күші жойылды. Тергеп-тексеру басқа органға жүктеліп, кінәлі қызметкерлерге қатысты жауапкершілікке тарту туралы мәселе көтерілді", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Жоғарыда айтылған мән-жайларды анықтау үшін құзырлы орган қызметкерлеріне өңірге барудың қажеттілігі туындамады. Себебі электронды форматтағы іс ақпараттық жүйелерде онлайн зерделенді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу