330 мыңнан астам электронды темекі құрылғылары елге заңсыз кіргізілген

441

Ел аумағына астыртын әкелінген құрылғылардың жалпы көлемі – 150 тонна. 

330 мыңнан астам электронды темекі құрылғылары елге заңсыз кіргізілген Фото: azattyq-ruhy.kz

Заңсыз заттар Қытай халық Республикасынан 8 жүк көлігімен кіргізіліп, терминал аумағында қалдырылған. Куәгерлердің қатысуымен кедендік тексеру жүргізіліп "электрондық темекі" және олардың бөліктері табылды.

Мамандар кедендік төлемдер мен табылған тауарларға салынатын салықтардың есебін жүргізіп жатыр. Сенімді дереккөздердің мәліметі бойынша, заңсыздықты Қаржылық мониторинг агенттігі анықтаған. Бұл деректі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі де растады. Осылайша, 2,4 млрд теңгенің контрабандалық тауары тәркіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу