334 миллион теңгені жымқырған автосалонның бас менеджері жеңіл жаза алды

Мұндай ақпаратты Бас прокуратураның әлеуметтік желідегі ресми парақшасы жазды.

334 миллион теңгені жымқырған автосалонның бас менеджері жеңіл жаза алды Фото: Азаттық рухы

Ол автосалонда сатуға қалдырылған құны 68 млн және 34 млн теңге тұратын көліктерді де сатып, ақшаны иемденген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны автосалонда сату бөлімінің басшысы болып жұмыс істеп, клиент әйелді "құны 90 млн теңге тұратын көлігін жаңасына ауыстырып беремін" деп алдаған. Оның көлігін сатып, ақшаны өзіне жаратқан, содан кейін басшылыққа білдірмей, автосалонға тиесілі құны 83 млн теңге тұратын жаңа көлікті оған беріп жіберген. 

– Аталған азамат автосалонда сатуға қалдырылған құны 68 млн және 34 млн теңге тұратын көліктерді сатып, ақшаны иемденген. Сонымен қатар, автосалонға тиесілі құны 59 млн теңге жаңа Toyota Land Cruiser көлігін төмен бағамен сатып жіберген.

Сот оны аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған және басқа біреудің мүлкін иемденіп, жымқырғаны үшін кінәлі деп тауып, жазаны ең төменгі шектен (7 жыл) төмен – 5 жыл 1 ай бас бостандығынан айыруға үкім шығарған, бұл ретте оның жас ерекшелігі және кінәсін ішінара мойындауы ескерілген, – делінген хабарламада. 

Прокурордың қорытындысында кассациялық сот сот актілерін өзгертіп, бас бостандығынан айыру мерзімін 8 жылға ұлғайтып отыр. Себебі, келтірілген залал өтелмеген. 

Бас прокуратура дистрибьютордан көлік сатып алғанда шарттарды тексеріп, мөртаңбаларды салыстырып, ақшаның компанияның шотына түскеніне көз жеткізу керек екенін ескертеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу