339 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

181

Биыл осы мақсатқа бюджеттен 75,9 млрд теңге қарастырылған.

339 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді Фото: Pngtree

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 64,2 мың отбасындағы 339,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 мамырда АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 104,3 мың балаға 1,9 млрд. теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;

- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Бұған дейін хабарланғандай, су тасқынына байланысты ТЖ режимі жарияланған қалалар мен аудандарда осы жылдың II тоқсанына 5 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмекті автоматты түрде тағайындау жүзеге асырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу