Небәрі 1 ай ішінде 34 мыңнан астам қазақстандық, соттан тыс банкрот болуға өтінім берген. Өтінімдердің 94 пайызы eGov порталы, ал қалған 6 проценті e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы түскен. Бүгінде 10 мыңнан астам өтінім қаралып, 2 мың 600-дей азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсімдеу басталды.
Сонымен қатар, 985 тұлғаның 5 жылдан астам уақыт қарызын өтемей келгені анықталды. 7 мың 340 қазақстандыққа банкрот деп жариялаудан бас тарту жөнінде хабарлама жолданды. Өңірлер арасында, өтінімдер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр 5,4 мыңға жуық, 4 мыңдайы Алматы облысының, 2800-і Алматы қаласының тұрғындарынан түскен. Ал өтінімдердің ең аз саны Ұлытау облысында - небәрі 336.\