Ол 3 ай ішінде 60 мың доллар жинап үлгерген, деп жазады inbusiness.kz сайты ABC басылымына сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйел 2024 жылдың 6 тамызы мен 15 қазаны аралығында дәрігердің нұсқауынсыз баласына отбасының басқа мүшесіне тағайындалған ескі дәрі-дәрмектерді берген.
Содан кейін ауырып, қиналған баласының суреттерін түсіріп, оларды GoFundMe платформасына жүктеген. Тергеушілердің айтуынша, блогер баласын саналы түрде ауыр жағдайға жеткізген.
Әйел "қайырымдылыққа" жиналған қаражатты жеке қажеттіліктеріне пайдаланғаны анықталып отыр.
2024 жылдың қазанында бала емделіп жатқан аурухана қызметкері оқиғаның мән-жайын полицияға хабарлаған.
"Біз GoFundMe-мен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Компания қаражат аударған адамдарға ақшаны қайтарып жатыр", - деді инспектор Пол Далтон.
Ақпаратқа сәйкес, қазір кішкентай қыздың жағдайы жақсарып келеді.