Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров мәлім етті.
"Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған 346 азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында 65 адамға қатысты әкімшілік ұстау қолданылды", – деп атап өтті спикер.
Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Заңның 20-бабына сәйкес 300 қорғау нұсқамасы шығарылды.
Осы құқықтық құжатпен "дебоширлерге" мынадай тыйымдар салынады:
- тұрмыстық зорлық-зомбылық жасамау;
- жәбірленушінің еркінен тыс, жәбірленушінің өзін, кәмелетке толмаған балаларын және отбасының әрекетке қабілетсіз мүшелерін, әртүрлі тәсілдермен іздестіруге, қудалауға, барып мазалауға, ауызша немесе телефон арқылы келіссөздер жүргізуге және онымен басқа да тәсілдер арқылы байланысқа түсуге болмайды, яғни мұның бәрі жәбірленушінің еркінен тыс.
Бұл адамдар полицияның профилактикалық есебіне қойылды.
Полиция олардың өмір салты мен мінез-құлқын бақылауды күшейтеді.
Осы тыйымдар бұзылған жағдайда соңғы өзгертулер бойынша – 10 тәулікке қамауға алу жауапкершілігі көзделген (бұрын -5 тәулік).
"Сонымен қатар, ол адамның жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында, әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарау кезінде. сот дебоширдің мінез-құлқына ерекше талаптар орнатуға құқылы.
Ол 3 айдан бір жылға дейінгі мерзімге орнатылады", – деп атап өтті спикер.