35 адамды алдаған алаяқ әйел ұсталды

742

8 қыркүйек күні ұсталған 27 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды.

35 адамды алдаған алаяқ әйел ұсталды

Қарағандының полицейлері 35 адамды алдаған алаяқ-әйелді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Биылғы жылдың маусым айында Қарағанды қаласының ПБ кезекші бөліміне қала тұрғыны келіп, белгісіз әйелге алданғаны туралы арыз түсірген. Жәбірленушінің айтуынша, әйел адам пәтер жалдағысы келген тұрғыннан алдын ала 20 мың теңге сұрап, ақшаны алғаннан кейін байланысқа шықпай қойған. Осыған ұқсас арыздармен қала полициясына тағы өзге де адамдар жүгінген.

"Бір жарым жыл бойы пәтерді жалға беру немесе жиһазды сату сылтаумен, өзінің абоненттік нөмірлерін көрсетіп, интернет парақшасында хабарламалар берген, алайда кепілақыны алысымен арызданушыларды алдап және сенімдерін теріс пайдаланған 27 жастағы Қарағанды облысының тұрғынын 8 қыркүйек күні Қарағанды қаласының ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері ұстады, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды",– деп жазылған ІІМ ақпараттық сайтында.

Тергеу барысында әйелдің осылай 35 адамды алдағаны белгілі болған. Оның ішінде Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары да бар.

"Жәбірленушілерге келтіріген зиянның жалпы сомасы 1,5 млн теңгені құрады. Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасының ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды, – деді Қарағанды қаласы ПБ бастығы Думан Қожахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу