35 әскери қызметкерге альпинизм бойынша разряд берілмек

1069

Олар бір ай бойы теориялық және өндірістік дайындықтан өтпек. 

35 әскери қызметкерге альпинизм бойынша разряд берілмек

Келісімшарт бойынша жұмыс істейтін 35 әскери қызметкер ҚР Қорғаныс министрлігінің  ӘОСК-СК тауда дайындық орталығында 133 сағат теориялық және өндірістік дайындықтан өтпек.  Оқу-жаттығу жұмыстары шамамен бір айға жалғаспақ. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жуырда дайындық базасына ҚР Қарулы күштері бас штабының бастығы  Мұрат Бектанов  барып қайтты. Ол дәрістерге қатысып, әскерилердің кәсіби дайындығына жоғары баға берді.

Сондай-ақ, генерал-майор Мұрат Бектанов  майор  Аманжол Рахметов, капитан Мақсұт Жұмаев пен аға лейтенант Василий Пивцовпен кездесіп, алға қойған тапсырмаларды жоғары кәсібилікпен орындағаны үшін ҚР Қорғаныс министрі атынан алғыс білдірді.

Кәсіби альпинистер әскери қызметкерлермен іздеу –құтқару жұмыстарын жүргізудегі тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сабақтарын өткізбек. Бұл тауда орын алатын тосын жағдайларға дайын болуға мүмкіндік береді.

Дайындық жұмыстарының бірінші кезеңінің соңында дәріске қатысушыларға "ҚР Альпинисті" белгісі мен альпинизм бойынша 3 разряд беріледі.

Естеріңізге сала кетсек, Василий Пивцов бастаған альпинистер тобы Қырғызстан тауларында жоғалған алматылықтарды іздеу-құтқару жұмыстарынан жұма күні оралған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу