35 инспектор мен 54 жетекші маман тартылады

1206

35 инспектор мен 54 жетекші маман тартылады

2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың допингке қарсы жүйесі алда болатын басқа халықаралық спорт жарыстарын өткізу кезінде  қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды универсиаданың ресми сайты.

Универсиада кезінде ҚР Допингке қарсы ұлттық орталығының тәжірибелі қызметкерлері мен Орталық Азияның кәсіби мамандары жұмыс істейді.  Допингті бақылау қызметіне 35 инспектор мен 54 жетекші маман тартылады.

2017 жылғы Дүниежүзілік Қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекцияның Медициналық қамтамасыз ету және допингті бақылау департаменті FISU медициналық комитетімен бірлесе отырып, Дүниежүзілік қысқы универсиада кезінде допингті бақылау рәсімін өткізуге арналған және FISU ережелеріне сәйкес спортшыларды тестілеу жоспарын дайындады.

Допинг бақылау қызметінің жұмысын жүзеге асыру мақсатында 10 допинг бақылау бекеті ұйымдастырылды: 9 бекет 8 спорттық нысанда (сынамалардың саны мен орналасқан жерін ескере отырып, бір спорттық ғимаратта 2 бекет ұйымдастырылады), 1 бекет Атлеттер ауылында орналасады. Барлық бекеттердің жұмысына мониторинг жасау және үйлестіру мақсатында Атлеттер ауылындағы Медициналық орталық жанында допингке бақылау жүргізетін командалық орталық құрылады. Допингке қарсы талдау Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) аккредиттеуінен өткен Австрияның допингке қарсы зертханасында жүргізіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу