35 қаланың бюджетін жоспарлауға халық қатысады

1665

2020 жылы 55 әкімшілік нысанда "халық қатысатын бюджет" іске қосылады.

35 қаланың бюджетін жоспарлауға халық қатысады

Келесі жылдан бастап Республикалық қалалардың аудандары мен облыстық маңызға ие шаһарлардың бюджетін жоспарлауға халық қатысатын болады. Президент қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында осындай мәлімет айтты.

"Менің сайлауалды тұғырнамамды орындау мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында "халық қатысатын бюджет" ілкі жобасы іске қосылған. Бұл бастаманың қоғамдық мәні жоғары екенін ескеріп, 2020 жылдан бастап 55 әкімшілік нысанда осы тәжірибе енгізіледі. Атап айтқанда, астана мен республикалық маңызы бар қалалардың барлық аудандарында, сондай-ақ, облыстық маңыздағы 35 қалада осы тәжірибе іске асады. Орталық органдардың бюджетін талқылауға халықтың ынтасын арттыру бағытында Қаржы министрлігі Ұлттық кеңес мүшелерімен бірге "Азаматтық бюджет" жобасының қалыбын өзгерту үшін ұсыныстарды талдайтын жұмыс тобын құрды. Ел азаматтары бюджеттің үлестірілуіне қатысты сенімді ақпарат алуға құқылы. Транспаренттіліктің мұндай қағидаты мемлекет аумағында іске асатын қаржылық операциялардың барлық түрін қамтуы тиіс. Бізге қаржыландырудың сыртқы көздері мен қарыз алу туралы толық мәліметті обьективті түсіну қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу