35 келі бекіре тұқымдас балық аулаған браконьерлер ұсталды

1652

Жалпы шығын сомасы 9 млн теңге шамасында.

35 келі бекіре тұқымдас балық аулаған браконьерлер ұсталды

Павлодар облысында полиция қызметкерлері браконьерлерден 35 келі бекіре тұқымдас балық тәркілеген. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ертіс маңында тексеріс жүргізу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері екі адамды тұтқындаған. Олардың көлігінен 35 келі бекіре тұқымдас балық пен оны заңсыз алулауға арналған құралдар табылған. Тергеу барысында ұсталғандар жақын маңдағы ауылдың тұрғындары екені анықталды.

"Қазіргі кезде бұл іс бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізіп жатыр. Жалпы шығын көлемі 9 млн теңге шамасында",– деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Айта кетсек, еліміздің барлық аумағында бекіре тұқымдас балықтарды аулуға тыйым салынған. Аталған балықтарды заңсыз аулағандарға Қылмыстық кодекстің 335 бабы бойынша айыппұл, түзету жұмыстары, қоғамдық жұмысқа жегу, бас бостандығынан айыру  сынды жаза тағайындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу