35 млн теңге ұрлаған пошташы ұсталды

1085

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

35 млн теңге ұрлаған пошташы ұсталды

Түркістан облысында пошташы 35 млн теңге ұрлаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне "Қазпошта" АҚ бөлімшесінің қызметкері келіп, белгісіз біреулер мекемеге тиесілі 35 млн теңгенін ұрлағанын айтып арызданған.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелген. Оқиға орнына келген полицейлер бейнебақылау камераларындағы жазбаларды көріп, басқа да заттай дәлелдерді тексерген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары пошта қызметкері болып жұмыс істейтін күдіктіні анықтаған.

"Тергеу барысында жедел уәкілдер күдіктіге қылмыс жасауға көмектескен оның екі сыйбайласын анықтады. Олардың бірі – жергілікті тұрғын, екіншісі – Семей қаласының тұрғыны. Пошташы сыбайластарымен бірігіп, мекеме қорынан ақша ұрлап, оны өз шотына аударған. Кейін олар ақшаны өздері бөліп алған", – деп жазылған хабарламада.

Бүгінде бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің үшеуі де қамауға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу