35 мың мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті үлестіріледі

226

"Рамазан сыйы" қайырымдылық марафоны басталды.  

35 мың мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті үлестіріледі Фото: muftiyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша 3500 отбасына азық-түлік себетін таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай қасиетті Рамазан айынан бастап еліміз бойынша "35 мың азық-түлік себетін тарату" акциясын қолға алдық. Игі жоба жыл бойы жалғасады. Қайырымдылық акция аясында мұқтаж жандарға тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі", – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Діни басқарманың 35 жылдығына және Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық марафонында 3500 отбасыға қажетті азық-түлік себеттері таратылды.

Айта кетейік, қайырымдылық марафоны жыл соңына дейін жалғасып, барлығы 35 мың отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізу жоспарланған. Игі іс-шараға еліміз бойынша мешіт имамдары, "Зекет және қайырымдылық" қорының қызметкерлері мен еріктілері, демеуші азаматтар атсалысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу