Сапасыз білім беретін жоғарғы оқу орындарын жабу және қандай да бір мамандықты игертуге материалдық-техникалық базасы сай келмейтін университеттердің лицензиясын алу жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
"Бірнеше университетті жаптық. Соның ішінде 35 мың студенті болған Шымкенттегі атышулы университет бар. Күні бүгінге 25 жоғарғы оқу орнынан 60 мамандық бойынша лицензияны қайтарып алдық", – деді министр.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу