Қазақстанда 35 мыңнан аса адам COVID-19-дан емделуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде 35 407 адам коронавирустан емделіп жатыр.
"Олардың ішінде 6 609 пациент стационарда, 28 798 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 514 адамның жағдайы ауыр, 127 пациенттің жағдайы өте ауыр, 89 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 31 адам көз жұмды.
Өткен тәулікте COVID-19-ды 1 220 адам жұқтырған. Осылайша, елде коронавирус жұқтырғандар саны 955 366 жетті.
Қазақстанда 2 365 адам COVID-19-дан айықты. Пандемия басталғалы бері 912 611 адам коронавирустан емделіп, сауығып шықты.
Елде COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8 521 371 адам, екінші компонентін 7 800 190 адам салдырды.
Қазақстан, коронавирус, COVID-19, пандемия, адам өлімі, вакцина, екпе, науқас.