"35 рет пышақ сұққан": Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сұмдық жайт белгілі болды

288

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтті. Мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін оқыды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Otyrar TV телеарнасына сілтеме жасап.  

"35 рет пышақ сұққан": Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сұмдық жайт белгілі болды Фото: бейнежазбадан

"Күдікті 2026 жылғы 11 қаңтар күні сағат 18.30 шамасында жәбірленуші Н.Серікбайдың үй-жағына, яғни тұрғын үйінің автотұрағына барып, көлік ішінде болған пышақты үстіндегі киімінің қалтасына салып алған. Сол уақытта дүкенге шыққан жәбірленуші Н.Серікбайды жолықтырып, саябаққа баруға ұсыныс жасаған. Алайда жәбірленуші бұл ұсыныстан бас тартып, үйіне қайтатынын айтқан", – деді мемлекеттік айыптаушы.

Тергеу нұсқасы бойынша күдікті қитұрқы ойын жүзеге асыру үшін ыңғайлы уақытты күткен.

"Көпқабатты тұрғын үйлердің ортасында өтіп жатқан кезде күдікті өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында қалтасынан алдын ала дайындап алып келген пышағын шығарып, жәбірленушінің денесіне пышақпен 5-6 рет жарақат салған. Н.Серікбайдың айқайлаған дауысын естіп, куә келіп қалғандықтан, күдікті өзінің іс-әрекетінің қылмыс екенін ұғына тұра жауапкершіліктен жалтару мақсатында оқиға орнына қашып кетпекші болған. Ол шамамен 5-6 метр жүгіріп, тұрғын үй ауласына қарай бағыт алған. Әрі қарай күдікті қасақаны кісі өлтіруге бағыт алған қылмыстық ойын соңына дейін жеткізу үшін қолындағы пышағымен қайта айналып, куәнің көзінше жәбірленушінің жатқан жеріне келіп, пышақпен оған жалпы 35 рет дене жарақатын салған. Салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көп қан жоғалтып, қайтыс болған", – деді прокурор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу