35 жасар Даниэль Нобоа Эквадор президенті болып сайланды

422

Ол Латын Америкасы елінің тарихындағы ең жас президент атанды. 

35 жасар Даниэль Нобоа Эквадор президенті болып сайланды Фото: Reuters

Эквадор президенті болып 35 жастағы кәсіпкер Даниэль Нобоа сайланды. Ол президент сайлауында "Ұлттық демократиялық әрекет" Альянсы атынан үміткер болуға ынта білдірген. Бұл туралы Reuters хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Даниэль Нобоа сайлаушылардың 52% дауысын жинады. Оның қарсыласы Луиса Гонсалес шамамен 48% дауысқа ие болды.

"Біз ертең жаңа Эквадор үшін жұмыс істеуді бастаймыз. Біз зорлық-зомбылықтан, сыбайлас жемқорлықтан және жеккөрушіліктен қатты зардап шеккен елді қалпына келтіруді бастайтын боламыз", - деді Даниэль Нобоа.

Айта кету керек, жаңадан сайланған Даниэль Нобоа ел президенті қызметін 2025 жылдың мамырына дейін атқаратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу