Бұрын "Дарын" сыйлығы мен "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты 29 жастан аспаған қазақстандықтарға тағайындалатын, деп жазады inbusiness.kz.
"Халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ инновациялық бағытта қызмет атқаратын және тұтастай қоғамның дамуына ықпал ететін 35 жастан аспаған ҚР азаматтары сыйлық алуға үміткер бола алады", - делінген құжатта.
Сыйлықты әр номинация бойынша ең көп дегенде тек 2 үміткерге беруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ақшалай сыйақы олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлықты бұрын алған азамат қайта өтініш бере алмайды.
Айта кетейік, былтыр 8 желтоқсанда Сенат 35 жасқа дейінгілерді "жастар" санатына енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.