35 жасқа дейінгілер жастар санатына кіреді - министр

497

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлайды inbusiness.kz.  

35 жасқа дейінгілер жастар санатына кіреді - министр Фото: otyrar.kz

"Бүгіннен бастап жастар саясаты туралы заңға енгізілген толықтырулар ресми түрде күшіне енді. Естеріңізде болса, Президент былтыр 26 желтоқсанда заңға қол қойған еді. Ережеге сай, заң алғаш ресми жарияланған күннен кейін алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Сондықтан жаңа заңның барлық нормасы бүгіннен бастап жұмыс істейді.

Соған сәйкес, бұдан былай, Қазақстандағы 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына қосылады. Бұл дегеніңіз, елімізде жастардың үлесі 3,7 млн-нан 6 млн-ға көбейді деген сөз. Ендеше, мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көретін жастар саны да артады.

Бұл Мемлекет басшысының бастамасымен жасалып отырған реформалардың бір көрінісі екені анық" - деп жазды министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу