350 атыраулық "Теңізшевройл" -ға жұмысқа орналасу үшін тегін курстан өтеді

2219

2019 жылы 350 адамды, ал 2020 жылы 700 адамды ТШО-ның болашақ даму жобасы аясында жұмысқа қабылдау туралы келісімшарт жасалған. 

350 атыраулық "Теңізшевройл" -ға жұмысқа орналасу үшін тегін курстан өтеді

Осының алдында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен "Теңізшевройл" ЖШС басшылығы арасындағы аймақтың 2019-2020 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі мәселелер бойынша кездесуінде Атырау облысы халқын жұмыспен қамту мүмкіндіктері сөз болған еді, деп жазады өңірлік коммуникациялар қызметі. Нәтижесінде 2019 жылы 350 адамды, ал 2020 жылы 700 адамды ТШО-ның болашақ даму жобасы аясында жұмысқа қабылдау туралы келісімшарт жасалған болатын.

Енді тестілеу нәтижесімен 350 адам тегін курстан өтіп, нәтижесінде темір ұстасы, құбыр жөндеуші, құрылыс материалдарын дәнекерлеуші, темірбетон конструкциясын монтаждаушы, электромонтаждаушы, жүк ілдіруші және ағаш конструкцияларын құрастырушы мамандықтары бойынша білімін жетілдіретін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу