350-дей мемлекеттік қызметші жетіспейді

517

Былтыр ғана құрылған жаңа облыстар мен аудандарда мемлекеттік қызметшілердің жетіспеушілігі әлі байқалады. 

350-дей мемлекеттік қызметші жетіспейді Фото: Turkystan.kz

Мәселен, ел шығысындағы Самар ауданында 16 қызметшінің орны бос тұр. Жаңа жасақталған Тарбағатай аудандық әкімдігінде де маман толық емес. 

Абай облысы құрылады дегенде семейліктердің қуанғаны рас. Сол секілді Самар Көкпектіден қайта бөлініп, жеке аудан болады дегенді естіген жергілікті халық енді елдің әлеуеті артады  деп үміттенді. Сол үмітті іске асыратын мемлекеттік қызметшілер ел шығысында әлі жетіспейді.  

"Осы кадр мәселесін шешу бойынша ауылдық округтерден және де бұрын Самар ауданында тұрып көшіп кеткен азаматтарды қайта шақырып, міне 34 мемлекеттік қызметшіні жұмысқа конкурс арқылы шақырып отырмыз", дейді Самар ауданы әкімінің орынбасары Қайдар Сұрашев.

Самар ауданында аудан орталығы Самар ауылынан бөлек 8 елдімекен бар. Аудан әкімінің апаратына қажетті 50 қызметкерді осы ауылдық әкімдікте жұмыс істеп жүрген мамандарды шақыру арқылы толтыруда. 

"Жетекші маман болып жұмыс істегем. Самар ауданы ашылуына байланысты осында конкурс арқылы өтіп, жұмыс істеп жатырмын. Ауыл шаруашылық бөлімінде бас маманмын", дейді Самар ауданы ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Нұржан Асылханов.

Жергілікті жердегі мамандардың жетіспеушілік мәселесі толық осы уақытта шешіледі деп ешкім айта алмайды. Өйткені біреу келіп, біреу кетеді. Үнемі ауыс-түйіс. Оның үстіне өзге ауданға біресе қосылып, біресе бөлінген өңірлерде кәсіби мамандарды табу өте қиын. Айтпақшы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 350-дей мемлекеттік қызметшінің орны бос тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу