Материалдық шығын 593 052 млн теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің халыққа есеп беру барысында сөйлеген сөзіне сілтеме жасап.
"Жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік шарасы өзекті болды. Қараша, желтоқсан айларында тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын жүргіздік. 2,4 млн-ға жуық тұрғын үйді қамтып, аулаларды аралап, нұсқаулық пен жадынама тараттық. Негізгі басымдық халықтың әлеуметтік осал тобы тұратын тұрғын үйлерге берілді. 2019 жылдан бастап азаматтардың осы санатымен жұмыс істеуге әлеуметтік қорғау, білім беру және полиция органдарын жұмылдырып жатырмыз. Біздің есепте халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 118 959 отбасы бар. Осы отбасылармен 2 рет кездестік. Нәтижесінде 8 129 тұрғын үйде қауіпсіздік шарасы сақталмағанын анықталды. Бұл ақпаратты әкімдіктерге бердік. Мүдделі тараппен бірлесіп атқарған жұмыс халықтың әлеуметтік осал тобына жататын адамдардың үйлеріндегі өрт санын 354-тен 19-ға дейін азайтуға мүмкіндік берді", – деді Юрий Ильин.
Министрдің мәлімдеуінше, 2019-2020 жылдары халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтардың тұрғын үйінде 354 өрт тіркелді. Салдарынан 38 адам қайтыс болды.
"2020-2021 жылғы жылыту маусымында 19 өрт тіркеліп, 2 топтағы мүгедек адам ажал құшты", – деп қорытты сөзін Юрий Ильин.
Қанат Махамбет