36 елге 30 мың тонна балық экспорттаймыз

1003

Импортты алмастыру үшін албырт, бекіре өсіру қажет.  

36 елге 30 мың тонна балық экспорттаймыз

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің мәлімдеуінше Қазақстан жыл сайын 60 млн долларға балық сатады.

36 елге 30 мың тонна балық экспортталатынын тілге тиек еткен министр былтыр балық және балық өнімдері нарығының жалпы көлемі 66 мың тонна болғанын жеткізді. 

"Оның құрылымы келесідей: балық аулау – 45 мың тонна, балық өсіру – 7,5 мың тоннаға жуық, экспорт – 30 мың тонна, импорт - 43,5 мың тонна", – деді 
Мағзұм Мырзағалиев үкімет отырысында. 

Оның айтуынша, Қазақстан мұхит балықтары мен теңіз өнімдерін импорттайды. Олар: майшабақ, скумбрия, креветка, мидия. 

"Импорт Норвегия, Ресей, Исландия, Қытай және Балтық елдеріне тиесілі. Импортты алмастыру мақсатында Қазақстанда албырт, бекіре балықтарын өсіріп, Каспий теңізінде майшабақ тәрізді балықтарды аулау қажет. Біздің қасымызда экспорт үшін айтарлықтай әлеуетті нарықтар бар. Атап айтқанда, Ресей мен Қытайда балық өнімдеріне сұраныс жоғары деңгейде. Бұл екі елдегі бізбен шекаралас аудандарының нарығы 3 млн тоннаға дейін жетеді. Нәтижесінде, біздің экспорттық әлеуетті 300 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік пайда болады", – Мағзұм Мырзағалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу