36 мың дана жұмыртқа шекарадан кері қайтарылды

871

Өнімнің құжаты ЕАЭО талаптарына сәйкес келмеген.

36 мың дана жұмыртқа шекарадан кері қайтарылды

ҚР АШМ мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары Қазақстанға Ресейден  36 мың дана жұмыртқаны кері қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өнім Ресейдің Орынбор облысынан ЕАЭО талаптарына сәйкес келмейтін ветеринарлық сертификатпен еліміздің ірі қалаларының біріне жіберілген. Заңға сәйкес жүк экспорттаушы елдің аумағына қайта қайтарылды",– деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Биылдан бастап жүк тасымалы барысында ветеринариялық-санитариялық ережелерді бұзғандарға 3 325 380 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Айта кетсек, бүгінде еліміздің Сыртқы мемлекеттік шекарасында 31 Ветеринариялық бақылау бекеті орналасқан. Ал Ресей-Қазақстан және Қырғыз-Қазақстан учаскелерінде 32 Ветеринариялық бақылау бекеті бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу