36 полицейге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

852

36 полицейге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Шымкентте 36 полицейге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. ОҚО ІІД әкімшілік полицияның тіркеу емтихан бөлімінің бұрынғы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық бойынша жауапқа тартылуда, деп хабарлайды otyrar.kz.

Адвокаттардың айтуынша, бұл іс облыстық прокуратураға өткізілген. 36 күдіктіге қатысты бұл іс 1200 томнан тұрады. Адвокаттар іс материалдарының сотқа қай күні түсетіндігін айта алмайды. Шулы іс облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатындығы мәлім.

Бірақ 36 айыпталушыны бірдей кіргізетін сот залы бұл мекемеде жоқ. Сондықтан да сот процесі жалдамалы залда өткізілуі мүмкін. Мұндай жағдай облыс соттарының тәжірбиесінде болған. 2006 жылы ОҚО балалардың жаппай ВИЧ жұқтырғаны туралы іс бойынша 21 адам бірдей жауапқа тартылғанда сот залын жалға алған екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу