36 жолаушысы бар "Bek Air"-дің әуе кемесі бірнеше сағат бойы қона алмай жүрді

643

36 жолаушысы бар  "Bek Air"-дің әуе кемесі бірнеше сағат бойы қона алмай жүрді

Бүгін таңғы сағат 4:00-де Ақтау әуежайынан Ақтау-Шымкент-Алматы бағыты бойынша көкке көтерілген "Bek Air"-дің ұшағы таңғы 7-де Шымкент әуежайына аялдауға тиіс еді. Алайда, ол күндізгі сағат 12-лер шамасында  апатты жағдайда байланысты Тараз әуежайына тоқтауға мәжбүр болды, деп хабарлайды abctv.kz.

Шымкент аспанын тұмшалаған қалың тұманның салдарынан діттеген жеріне  қона алмаған "Bek Air" әуе компаниясының ұшағы жолаушылар үшін біршама қиындық туғызған. 
Бортта Ақтаудан отырған 36 жолаушысы бар әуе кемесі бірнеше сағат көкте қалықтап, ақыры Оңтүстік өңірге қона алмаған. Ал Шымкенттен өз ұшағын күткен жолаушылар автобуспен Таразға келіп, Алматыға көрші облыстан аттануларына тура келді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу