360 млн доллар инвестиция: Алатау қаласында жаңа зауыт салынып жатыр

187

Алатау қаласында PepsiCo компаниясы 900-ге жуық жаңа жұмыс орны бар зауыт салуда.

360 млн доллар инвестиция: Алатау қаласында жаңа зауыт салынып жатыр Фото: видеодан алынған кадр

Президенттің экономиканы әртараптандыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Алматы облысында жалпы инвестиция көлемі $360 млн болатын PepsiCo компаниясының ірі инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Техникалық іске қосылуы 2026 жылдың наурыз айына белгіленген, ауданы 50 мың шаршы метр болатын тұзды тіскебасар тағамдар шығаратын зауыт негізгі нысан болады. Жоба аграрлық секторға мультипликативті әсер етеді: өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету үшін отандық фермерлермен 15 келісім жасалды.

– 2025 жылы инвестицияларды $360 млн-ға дейін екі есеге арттыру туралы шешім қабылданды. Құрылыстың барлық кезеңдерінің аяқталуына қарай 2028 жылы 900-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Толық қуатқа шыққан кезде біз жыл сайын 210 мың тоннаға дейін картоп өңдейтін боламыз, – деді PepsiCo компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Марғұлан Оспанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу