Түркістанда прокурорлардың араласуымен 366 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Жыл басынан бері қалалық прокурорлар түскен шағымдар негізінде 83 тексеру жүргізген. Нәтижесінде, жергілікті полиция қызметкерлерінің 21 кәсіпкерге заңсыз әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылар шығарғаны анықталды. Олардың күші аудан прокуратурасының наразылығымен жойылды. Сол сияқты "Түркістан су" кәсіпорнының мамандары Ұлттық экономика министрлігі бұйрығының талаптарын бұзып, жеке кәсіпкерлермен біржақты келісім-шарт жасаған. Оларға әрбір айда 170 текше метр, яғни 26 746 теңге төлем жасауға және ауыз су желісінен ажыратып, оны қайта қосқаны үшін - 12 мың теңге ақы төлеуге міндеттеп келіпті. Бұл заңсыздықтар да прокуратура қызметкерлерімен жойылып, қазір су тиісті талаптарға сай берілуде.
Руслан Әбдірайымов, Түркістан қаласының прокуроры:
Бұл мәселе бойынша Түркістан қала әкіміне ұсыныс енгізіліп, заң бұзушылықтар жойылды, кінәлі 4 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылды. Әкімшілік жауапкершілік мәселесі қаралуда.