Үкіметінің отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына тоқталды.
"Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 669 объектіні сату көзделген. Есепті кезеңде сомасы 307 млрд теңгеге 367 объект сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. 35 объекті сатуға қойылды", – деді министр.
Сонымен қатар 62 объекті қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілсе, 205 объекті сату алдындағы дайындық кезеңінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу