Бүгін сот процесінде мемлекеттік айыптаушы Арман Кезекен Перизат Қайраттың анасының телефонға "түртіп" жүрген бірқатар тізімін оқып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Онда былайша жазылған.
- 37 миллион теңге – көлік сатып алу;
- 5 миллион теңге – тіс емдеу;
- 10 миллион теңге – Түркияға барып емделу;
- 3 миллион теңге – БАД (биологиялық белсенді қоспалар) сатып алып ішу;
- 10 миллион теңге – қыдыру;
- 3 миллион теңге – фэншуй;
- 1 миллион теңге – БАД-зы оқу (қытай астрологиясы);
- 2 миллион теңге – офлайн қыдыру;
- 3 миллион теңге – киім сатып алу;
- 3 миллион теңге – ақ алтыннан жасалған гауһар білезік.
Прокурорлардың сөзінше, Перизат Қайрат пен анасы мұндай қымбат заттарға ақшаның қайдан келгенін нақтыламаған.
– Ол тек Астана мен БАӘ-дегі пәтерді сату, сондай-ақ ет өнімдерін сату туралы дәлелденбеген уәждерді ұсынды. Сотқа дәлелді ақпарат ұсынылмады, – деп ашығын айтты мемлекеттік айыптаушы.
Бұған дейін Перизат Қайрат пен анасының 3,5 миллиард теңгені қайда жұмсағанын жазған едік.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу