371 млн теңгенің бензині сатылды

1279

"ЕТС" тауар биржасы" АҚ алаңында 5 сатып алушыға 371 млн теңгенің бензині сатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Telegram-каналына сілтеме жасап.

371 млн теңгенің бензині сатылды

"2021 жылғы 19 шілдеде "ЕТС" тауар биржасы" АҚ алаңында 5 сатып алушыға 1 820 тонна болатын 371,2 млн теңгенің бензині сатылды. Екі зауыттағы (Павлодар мұнай өңдеу зауыты, Шымкент мұнай өңдеу зауыты) АИ-92 маркалы бензиннің орташа индексі бір тоннасы үшін 199 460,53 – 201 332,37 теңге аралығында болды", - деп жазылған хабарламада.

Сауда АИ-92 және АИ-95 бензинінің маркалары бойынша 3 отандық мұнай өңдеу зауыттында жүргізілді.

Келесі сауда 23 шілдеге жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу