38 адам стационарларда ем қабылдауда

855

Елімізде ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. 

38 адам стационарларда ем қабылдауда

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус бойынша Қазақстандағы соңғы эпидемиологиялық жағдайды баяндады.
 
Елімізде ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше осы уақытқа дейін жалпы саны 4650 адамға мониторинг жүрізілді. Оның ішінде 1 "а" санаты бойынша - 1217, 1 "б" санаты бойынша - 189, 2 санат бойынша - 3244 адам медициналық бақылауда болды. Әзірге 676 адам бақылаудан алынды. 11 наурыздағы жағдай бойынша әлі 3974 адам бақылауда тұр.

Жалпы 11 наурызда барлығы 90 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен емдеуге жатқызылған. Қазіргі кезде оның 52-сі үйге шығарылды. 38 адам стационарда ем қабылдауда. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу