38 бірлік атыс қаруы мен 1 486 оқ-дәрі тәркіленді

1101

Алматыда қаланы қылмыскерлерден тазарту бойынша операция жалғасуда. 

38 бірлік атыс қаруы мен 1 486 оқ-дәрі тәркіленді

13 қаңтарда Алматының Бостандық  және Түрксіб аудандарының аумағы қылмыскерлерден тазартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала комендатурасының ақпарат орталығына сілтеме жасап.

"Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 925 қатысушысы ұсталды. 38 бірлік атыс қаруы мен 1 486 оқ-дәрі тәркіленді. Өткен тәуілікте "102" пультіне небәрі 961 хабарлама келіп түсті. Комендатураның call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 215 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді", – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу