38 млн теңгенің темекі бұйымдары заңсыз айналымнан алынды

452

Әкімшілік іс қозғалды.

38 млн теңгенің темекі бұйымдары заңсыз айналымнан алынды Фото: polisia.kz

Қарағанды облысы Абай қаласында заңсыз айналымнан 11,5 мыңнан астам темекі бұйымдары алынды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қарағанды облысы бойынша ЭТД және Қарағанды облысы ПД ҰҚҚКБ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, 28 шілдеде сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын акцизделетін өнімнің заңсыз айналымы бойынша кезекті қызметтің жолын кесті.

Абай қаласындағы қойма үй-жайлары мен дүкенінің бірін тексеру барысында электрондық темекі, вейп-құрылғылар және оларға сұйықтық түріндегі 11,5 мыңнан астам заңсыз темекі бұйымдары анықталды. Заңсыз өнім көтерме және бөлшек саудада сатылып, жеткізу облыс шегінде де, Қазақстанның басқа өңірлеріне де жүзеге асырылған.

Алынған өнімнің нарықтық құны – шамамен 38 млн теңге.

Тауар тәркіленіп, одан әрі жойылуы болжанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу