Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Өткен жылдың сәйкескезеңімен салыстырғанда бюджеттің барлық деңгейінің атқарылу көрсеткіші жоғары болды. Республикалық бюджет бойынша 5,9 трлн теңге шығыс жүргізілді. Атқарылмау 49 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 11 млрд теңге – үнемдеу, 38 млрд теңге – игермеу деп тіркелді. Қаржыны ұқсата алмаудың ірі көлемі денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, ішкі істер, қаржы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде қалыптасты", – деді Ерұлан Жамаубаев.
Министрдің айтуынша, қаржының игерілмеуіне төлем құжаттарын ұзақ келісу, конкурстық рәсімдердің ұзақ өткізілуі, орындалған жұмыс актілерінің, шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы, шарттарды ұзақ рәсімдеу, қосымша келісімдерді ұзақ келісу сынды факторлар себеп болған.
Қанат Махамбет