38 сервис цифрлық қолтаңбасыз қолжетімді болады

774

 38 сервис цифрлық қолтаңбасыз қолжетімді болады

Мемлекеттік баждарды, алымдарды төлеу және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі  есепшотты толықтыру ЭЦҚ-сыз қолжетімді www.egov.kz электрондық үкімет порталындағы авторизацияланбаған пайдаланушылар үшін 38 сервис іске қосылды, деп хабарлайды  "ҰАТ" АҚ баспасөз қызметі.

Мемлекеттік баждарды, алымдарды төлеу, сонымен қатар "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ғы депозиттік/кредиттік есепшотты толықтыру сервистері азаматтар үшін цифрлық қолтаңбасыз қолжетімді.

Азаматтарға арналған атаулы мүмкіндік ҚР мремьер - министрінің орынбасары А.Жұмағалиевтің төлеу сервистерін жеңілдету және оңтайландыру тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды.

Сервисті таңдау үшін Еgov.kz порталының басты бетінде "Азаматтар үшін онлайн қызметтер бір тізімде" батырмасын шертіп, "Төлемдер" тізімінен қажетті төлем түрін таңдап және "онлайн төлеу" батырмасын шерту керек.

Авторизациясыз қолжетімді болатынын сервистер туралы nitec.kz электронды мекенжайынан толық білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу